5 Atyrau oto Күзгі-қысқы пеш жағу мезгілі келгенде, өрттер санының шұғыл өседі. Көбінесе, барлық өрттер тұрғын үй секторларында көптеп кездеседі.
Ауа-райының салқындауымен пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жазатайым оқиғалар саны артып және адам қазасы орын алады.
Көпшілік жағдайда тұрғындар жылыту құралдарын қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді.
Бұл уақытта жылу қазандықтары мен пештер күштеп жағылады, электр жылытқыш құралдары пайдаланылады.
Жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында Атырау облысының ТЖД Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, 4 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамы және газ шаруашылығы қызметкерлерімен бірлескен түрде, тұрғын үй секторларын аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар таратуда.
Жылу беру маусымы аяқталғанға дейін бөлім қызметкерлерімен үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
 
Атырау облысының ТЖД
Махамбет ауданының ТЖ бөлімі