3 Alm O oto Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ескелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен 2017-2018 жж. жылу беру маусымында, адам өлімімен жарақаттануын азайту мақсатында, аудан аумағында тұрғын үй секторларын аралау, рейдтер, халықпен жиындар өткізілуде.
Ескелді ауданы ТЖБ жәнеҚарабұлақ ауылы №35 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесе отырып, тұрғын үй секторларын аралау кезінде халыққа ақпараттық парақтар таратылып, жылыту пештерінің өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Сондай – ақ, «Қазпошта» АҚ аудандық пошталық байланыс торабы қызметкерлері арқылы, тұрғын секторда, келесі тақырыптарға ақпараттық парақшалар таратылды:«Өрт қауіпсіздігін талаптарын сақтамаған кездегі тұншықтырғышгазбен улану»,«Жылу мен қиындықтардың көзі », «Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттің алдын алу», «Сіз электр құралдарын сөндіруді ұмытқан жоқсыз ба?», «Балаларға сіріңке ойыншық емес», «Қар басу кезіндегі ереже».
Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын мекен-жайларға рейдтер жүргізілді және есепке алынған жанұялар саны 5. Рейд жүргізу барысында тұрғын үйлердегі жылыту пештердің, газ және электр құралдарының қолданылуы қаралды. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй және пәтер иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша ұсыныстар мен жадынамалар таратылды. Аталған жұмыстар ары қарай жалғасуда.
 
Алматы облысы ТЖД
Ескелді ауданының ТЖ бөлімі