22 Atyrau Estafeta 1 Жылыту маусымы кезінде өткізіліп жатырған «Пешпен жылытудың қауіптілігі - улы газбен улану» акциясы аясында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен Атырау қалалық №18 «Балдырған» бала бақшасының ересек топтары арасында «Жас өрт сөндірушілер» эстафеталық сайысы өткізілді.
22 Atyrau Estafeta 2 Шараның басты мақсаты балаларға өрт қауіпсіздігін насихаттау, улы газбен уланудың салдары мен қауіптілігін, оттан сақтану жолдарын үйрету, өрттің тілсіз жау екенін ұғындыру.
Аталған сайыс 5 турда өтті. Атап айтқанда: Таныстыру, «Өрт сөндіру каскасы», «Отпен күрес», «Сөзді аяқта», «Құтқарушы апай» ойындары.
Сайыс қорытындысы бойынша «Жалын» тобы жүлделі үшінші орын, «Ауа» тобы екінші орын, «Су» тобы орынға ие болды. Барлық жүлдегерлер грамоталар мен бағалы сыйлықтармен табысталды.
22 Atyrau Estafeta 3 22 Atyrau Estafeta 3 22 Atyrau Estafeta 3 22 Atyrau Estafeta 3
 
Атырау облысының ТЖД
Өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасы