26 Jambyl Discipl Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дербес қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сагинов Дидар Сәтпайұлы мен Өрт сөндіру мекемесінің кадр жұмысы бөлімі білесе отырып Жамбыл аудандық емханасының фельдшер-наркологы Қалисаева Шарипа Абдиханқызы, аудандық емхананың Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі медбикесі Ділдабекова Азиза Шайділдақызы, сондай-ақ Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Керімқұлов Рахат Асылбекұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша және қылмыстың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында және қызмет атқару барысында жолда жүру ережелерінің талаптарын қатаң сақтау мен техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және №6 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дидар Сәтпайұлы жеке құрамға Жамбыл облысы мен Қазақстан Республикасындағы Ішкі істер органында 2017 жылдың 12 айы мен 2018 жылдың 1 айы мерзімі ішіндегі тіркелген тәртіп бұзу жағдайларымен және заңнама талаптарының сақталуы бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу бойынша мәліметтермен жан-жақты таныстырды.
Өрт сөндіру мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мадина Гарифова жеке құрамды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларымен (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі ережелері) таныстырды.
Полиция аға инспекторы да өз кезегінде сөз алып, жолда жүру ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша, сондай-ақ қосымша қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға тиісті деңгейде жауап берді.
Фельдшер-наркологы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі медбикесі жеке құрамның назарына есірткі қолданудан есін жоғалту мен кальян және энергетикалық сусындарда есірткі дозаларының болу ықтималдығы туралы кеңінен әңгімеледі.
Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органы жүйесіндегі жол-көлік оқиғалары бойынша және қызмет барысында өрт сөндіру саласының қызметкерлерінің қатысуымен орын алған қайғылы оқиғалар жөніндегі талдауымен және қызметтен тыс уақыттағы орын алған түрлі сипаттағы жағдайлармен жеке құрамды жан-жақты таныстырып өтті.
Жамбыл аудандық № 6 Өрт сөндіру бөлімі мен Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығына жеке құраммен қызметтік-әскери тәртіп пен жолда жүру ережелерін сақтау бойынша үнемі тиісті жұмыстар атқарып отыру қажеттігі баса айтылды.
 
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау
аға лейтенанты Айгерім Бейсбекова