25 Kar da 1 2018 жылы 15-қантардан бастап 18-қантарға дейін су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Қарағанды облысының «Қазгидромет» филиалы және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарында Нұра және Шерубайнұра өзендерінің бассейні бойынша қар өлшеу бағытын айналып өту өткізді.
25 Kar da 2 Аралап шығу барысында Қушоқы, Тоғызқұдық, Аққұдық, Шешенқара, Керней, Ақөре, Калинина, Матак, Бесоба, Қызылтау, Қамқор елді мекен аймақтарының, «Жосалы» шипажайы мен «Өгізтау» қыстағының маңында қар түсірілімдері жүргізілді.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар депараменті өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің «ТРЭКОЛ» өту мүмкіндігі жоғары техникасын қолдана отырып, 12 бақылау нүктелерін айналып өтті, бағыттың жалпы ұзақтығы 1350 шақырымды құрайды.
Қардағы су қорының деңгейін өлшеу нәтижесі негізінен шектен төмен екендігін көрсетті.
 
Қарағанды облысының ТЖААБ