24 AtyraU Prof rabota 1 Атырау облысы Исатай ауданында жылыту маусымы кезеңінде 16 адам көмірқышқыл газына уланды, оның ішінде 9 бала. Бұл көрсеткіш Атырау облысы бойынша көмірқышқыл газына уланған адамдардың 75 пайызын құрап отыр.
Сол себепті Департаменттің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы Аслан Нсанбекұлы Камалов Департаменттің дыбыс зорайтқышы бар УАЗ автокөлігімен Исатай ауданына іс-сапарға барып, профилактикалық жұмыстарын жүргізді.
24 AtyraU Prof rabota 2 Атап айтқанда, Исатай ауданының барлық жеке құрамын, аудандық газ қызметкерлерін, аудандық әкімдік қызметкерлерін, аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшілерін, облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының түсірілім тобын жұмылдырып, Хамит Ерғалиев және Тұщықұдық ауылының тұрғындарының үйлерін, дыбыс зорайтқышы бар УАЗ автокөлігімен барлық көшелерді аралау арқылы улы газға уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Тұрғын үйлерді аралау кезінде жылыту пешінің түтіндік мұржасына мұз қатып қалған үйлер кездесіп, оларға газ қызметкерлерімен ескерту парақтары жазылып берілді.
Аслан Нсанбекұлы Камалов бұқаралық ақпарат өкілдеріне берген сұхбатында көмірқышқыл газына уланудың статистикасын келтіре отырып, тұрмыста жылыту құралдары мен пештерді пайдалану кезінде төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін айтып ескертті: үйде тұрған пештер жарамды жағдайда және барлық өрт қауіпсіздік талаптарын ескере отыра орнатылуы қажет; пештер мен мұржаларды күйелерден пешпен жылыту үшін – 3 айдын ішінде 1 рет, тоқтатылмай әрекет ететін ошақтар мен пештер үшін – 2 айдын ішінде 1 рет, тоқтатылмай (ұзақ уақыт) жағылатын ас – үй плиталары мен басқа да пештер үшін – 1 айдын ішінде 1 рет тазартулар жүргізілуі қажет; түтін мұржалары жанғыш шатырдың (металлды торлар) ұшқын сөндіргіші болуы қажет; газбен жылытатын жылыту құралдарының түтіндіктерін мұздан және таттан тазартып тұру қажет.
Сондай-ақ жылыту маусымы басталар алдында тиісті лицензиясы бар мекемелермен газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шартын жасасу және газ жабдықтарының ақауын байқаған жағдайда газ шаруашылығы кәсіпорнының жұмыскерлерін шақыру керек екендігін айтты.
 
Атырау облысының ТЖД ӨҚСБПҚБ