Қыс мезгілі басталғаннан бері экстремалды жағдайларға тағы бір ағзаның мұздау қауіпі қосылады. Әрқайсысымыз үсікке шалдығу, сондай-ақ суықтан аллергия болуы жағдайларға тап болуымыз мүмкін.
«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» мұндай жағдайларға тап болмас үшін қала және облыс тұрғындары назарын ауа қысымының төмендігіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін сақтауға аударуда. Тәуекел тобында – балалар мен егде жастағы адамдар, олар көбіне қатты тоңғақ болып келеді. Орта жастағы адамдарда кейбір аурулар нәтижесінде термореттегіш жүйе бұзылуы мүмкін, ал балаларда бұл ағза функциясы әлі жетілмеген. Қатты тоңудан сақтану үшін жылы киіну қажет, осылай жылуды сақтау оңайырақ. Аяқты жылы ұстау маңызды, бұл жерде ұлтарақ пен жүннен жасалған шұлық көмектеседі. Аязға жылы қолғап пен бас киімсіз және мойыншылықсыз шығудың қажеті жоқ. Металлды әшекейлерден: сырға мен сақиналардан бас тарту қажет. Сақина қалыпты қан айналымына кедергі жасайды. Сонымен қатар металл тез салқындап, теріге жабысып қалып, жарақат келтіруі де әбден мүмкін. Қатты тоңу мен үсік шалу мүмкіндігі үнемі қалжырап, өзін әлсіз сезінетін немесе мас күйде жүретіндер үшін жоғарырақ. Алкоголдік масаю жылулық беретіндей әсер береді, алайда шын мәнінде жылудың көптен жоғалуына әкеледі. Мұндай жағдайда адам үсігенін немесе қатты тоңғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Қатты тоңған немесе үсік шалған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Жылдың суық мезгілінде дұрыс тамақтануды әдетке айналдырған жөн. Көшеге ұзаққа шығу алдында дұрыстап тамақтанып алу керек. Суықпен күресу үшін ағзаға қуат керек. Құтқарушылар кейін салдарымен күрескенше қолайсыз жағдайларға мүлдем кезікпеуге шақырады. Жүргізушілер алыс сапарға шығар алдында автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалап алғандары дұрыс. Тас жолда автокөлік сынып қалған жағдайда кемшіліктерді сол жерде жоюға тырыспаңыз, ол үсік шалуға әкеледі. Бағыттас машиналарды күтіңіз, олардан жақын маңда орналасқан жергілікті пунктке апарып тастауын өтініңіз, ол жерден сіз техникалық көмек таба аласыз.
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тас жолда әртүрлі жылыту пунктері бар екенін ескертеді (әдетте бұлар қоғамдық тамақтану орындары). Күрделі жол участкілерін ТЖК-нің қызметкерлері үнемі тексеріп отырады.
Егер сіз шығуы қиын жағдайға тап болсаңыз кідірмей дереу 112-құтқару қызметіне хабарласыңыз, құтқарушылар сізді көмексіз қалдырмайды.
 
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы
Медициналық-психологиялық қызметінің басшысы
Н.Жұмағалиев