21 Aktobe Akcia Ақтөбе облысының аймағында 2017 жылы 178 көліктегі өрт оқиғасы өрт орын алды, яғни өткен 2016 жылға қарағанда 30,9% көп.
«Қауіпсіз көлік» акциясы шеңберінде және көліктердегі өрт оқиғаларын азайту мақсатында 2018 жылдың 29 қаңтарында Нұр Отан ғимаратында Байғанин ауданының ТЖБ, ІІБ қызметкерлері мен темір-жол вокзалының бастығы, такси қызметі және қызмет көрсету бекетінің басшылары дөнгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында жиналысқа қатысушыларға көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтылып, автокөлік мекемелерінің өкілдері дөңгелек үстелге қатысушылармен өрт қауіпсіздігін ұйымдастарудағы білімдерімен бөлісті.
Сонымен қатар, өрт болған жағдайда бірінші кезектегі жүргізілетін іс-қимылдар тәртібі айтылды өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы жаднамалар таратылды.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
Байғанин ауданың ТЖБ