20 PVLDr Led Павлодар облысында жыл сайын қыс мезгілінде Ертіс өзенінде қажетті талаптарды сақтайтын жаяу жүретін және мұз өткелдері құрылады. Жалпы аумақ аймағында барлығы іске қосулы автокөлік мұз өткелдері 7, жегінді мұз өткелдері және жаяу жүру жодары 11.
Қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімі бойынша мұз жолдарын және өткелдерін ұстау шаруа қожалықтарының бастықтарына тағайындалды. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтардың барлық қысқы өткел жолдарымен шөпті тасыйды, ауылдықтар құрғақ ағаштарды оттыққа дайындайды. Күннің жылынуына байланысты жедел құтқару жасағының қызметкерлері мұз өткелдерінің жағдайы бойынша рейдтер өткізуде. Рұқсат етілмеген жүккөлікті өткелдері ерекше алаңдатады. Рейдтер барысында Ақсу ауылдық аумақта Еңбек және Евгеневка ауыл округтерінің тұрғындары Ертіс өзені арқылы рұқсат етілмеген өткелдер арқылы шөп тасығаны анықталды. Профилактикалық шаралардың қорытындылары бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы мен әкімшілігіне ақпарат жіберілді.
Осы бағыттағы жұмыстар қыс жолдарының жабылғанына дейін жалғасады.
 
Ақсу қаласының № 7 құтқару жасағы
бөлімінің бас құтқарушысы –
С. Қасымғазынов