12 Mang uetupi Dorogu 1 «Көмекке жол бер!» – осындай атаумен Ақтауда жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірге шара өтті. Аталған шараның мақсаты біздің қаламыздың көлік сүйер қауымының жолдағы тәртібі мәдениетін жақсарту болып табылады. Соңғы кездері көмекке зәру тұрғындарға жәрдемдесуге асығатын, арнайы дабыл белгілері бар көліктерді жоққа шығару жағдайлары жиілей түсті.
12 Mang uetupi Dorogu 2 14 наурыз арнайы дабыл белгілері іске қосылған өрт сөндіру автокөліктерінің жауынгерік есебі ЖПҚ патрульді автокөлігінің сүймелдеуімен шаһар көшелерін жүріп өтті. Автокөлік иелерінің басым бөлігі арнайы шұғыл қызметтеріне құрметпен және түсіністікпен қарайды, алайда өзге де тұрғындар категориялары бар екендігі мәлім. Дәл сол адамдарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Есназаров Қанат сөзге тиек етті. Өзінің сұхбатында ол қызметтің маңызды сәттерін айтты, яғни адам өмірі мен материалды залалға өртке жету уақыты тікелей байланысты екендігі анық.
Қорытындылай келе, барлық жол қозғалысына қатысушылар арасында тек екі заң бұзушы анықталғандығын айта кеткен жөн. Бұл біздің қаламызда көлік құралын жүргізуде жоғары мәдениеттілік пен тұрғындардың немқұрайлы қарамайтындығын дәлелдейді. Жолда өзара әдепті болайық!
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы