002 Өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық жәрдем, авариялық қызмет — бұл мекемелер күн сайын адамдарды түрлі бәлелерден құтқарады. Оларға күн сайын көмекке шақыру туралы қоңыраулар түсіп жатады. Алайда адамдар кейде оларға жұмыстарын орындауға кедергі жасайды, жалған қоңыраулармен алаңдатады.
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінiң 438-бабына сәйкес отыз айлық есептiк көрсеткiш (72150 теңге) – арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалу үшiн бұзақыларды күтетiн айыппұлдың мөлшерi осы. Ал егер де жыл ішінде қоңырау екiншi рет немесе өрт және авариялар кезiнде соғылатын болса, онда әкiмшiлiк айыппұл мөлшерi екі есе артады (60 АЕК).
Көрiнеу жалған шақыру – бұл нағыз қылмыс. ҚР Қылмыстық кодексiнің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. «Әзiлқойлар» көбiнесе бомбаның жатқаны туралы хабарлайды. Егер балалар хабарласқан болса, онда олар бомбаның мектепте тұрғанын айтады. Егер балалар кiшкентай болса, оларды түсінуге болады, ал ересектердiң ненi басшылыққа алатынын түсiну өте қиын.
Жыл сайын жалған шақырулар үшін жауапкершілік күшеюде. Мысалы, 2017 жылы Петропавл қаласының тұрғыны бас бостандығынан айрылды. Заречный кентінде тұратын 45 жасар ер адам өз пәтерінде бомбаның қойылғаны туралы хабарлады. Қалалық сот азаматқа осы «тентектігі» үшін жалпы режимдегi түзеу колониясында екі жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады.
Тағы да мынадай жағдай, ағымдағы жылдың 2 қаңтары Жамбыл ауданының Пресновка ауылы № 11 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Пресновка ауылындағы шіркеудің маңындағы тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы жалған қоңырау келіп түсті.
Шақыру орнына өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы желел түрде шықты, барлық өзара әрекеттесетін қызметтер көтерілді. Шақыру орнына келген кезде өрт фактісі расталмады. Деректерді нақтылау үшін анықталған нөмір бойынша хабар берген адаммен байланысу мүмкін болмады (телефон сөндірулі болды).
Жалған қоңырау туралы материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл ауданының ішкі істер бөліміне тапсырылды.
Полиция қызметкерлері аса қысқа уақыт ішінде өрт туралы жалған ақпарат берген тұлғаны анықтады. Ол осы ауылдың 1976 ж.т. тұрғыны болып шықты. Ол ҚР ӘҚБ туралы К 438-б. 1-б. 29-б. сәйкес 36075 тг. сомасына айыпқұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазiргi техникалық құралдар қоңырау шалған кез келген телефон нөмірiн және мемлекеттiң кез келген нүктесiн анықтай алады. Тiптi егер «жасырын» нөмірден немесе таксофоннан хабарлауға тырысса да, зиянкестің тұлғасы міндетті түрде анықталады, кейiн не болатыны жуыр арада болған оқиғаны мысалға келтіріп жазылған.
Өткен 2017 жылдың iшiнде «101» нөміріне 5 жалған шақыру және 87 расталмаған шақыру тiркелген болатын, 2018 жылдың ағымдағы уақытында осындай 5 хабар және 60 расталмаған шақыру түстi. Тұтқаны көтерiп, жалған бомба немесе өрт туралы хабар берер алдында, дәл осы уақытта шын мәнінде авария немесе өрт болып жатқан шығар, ойланыңыз. Мүмкін дәл осы кезде құтқарушылар адамдардың өмiрi үшiн күресiп жатқан шығар, ал сiз өзіңіндің жалған қоңырауыңызбен олардың жұмысына бөгет жасап, нағыз көмекке мұқтаж адамдардан алаңдатасыздар. Сондай-ақ өз балаларыңызға сақ болыңыздар, олардың осындай әрекеттердi жасамауын бақылаңыздар, оларға осындай әрекеттердi жасауға болмайтынын түсiндiрiңiздер!
 
 
Олжас Құсайынов
СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
ЗТ заңгер-кеңесшісі