Ормандарға үлкен зиянды өрттер келтіреді; ағаштар, құстар, аңдар өледі, орман төсемі мен топырақтың жоғарғы қабаты, сонымен қоса пайдалы жәндіктер, микроорганизмдер жанып кетеді.
Орман өрттерінің басым бөлігі – адамдардың отты абайсыз пайдалануынан, жұмыс барысында және орманда өрт қауіпсіздік ережелері қағидаларын бұзуынан пайда болады. Статистика 10 орман өрттерінің 8 адамның кінәсінан болатынын бекітеді. Демалыс күндері ормандағы жанулардың саны 40%-ға артады, тұрғындар неғұрлым көп келетін 10 шақырымдық аймақтың елді мекендерінің айналасында 93% дейін барлық жанулар пайда болады. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, халықтың 20% өмір мен өндірістік қызметке деген орман жайлы түсінікпен дурыс таныс емес. Адамдардың көп бөлігі орман өрттерінің пайда болу себептерін, олардың келтіретін зияны мен жанудың аса зиянды салдары туралы білмейді. 80% - дан астам адам ормандағы тәртіп ережелерімен, отты пайдалану қауіпсіздігі талаптарымен таныс емес. Бірақ егер сіз орманға бара қалсаңыз, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білуіңіз керек: алауды сөндірмей қалдырмау, жанып тұрған темекі және сіріңкені тастамау, қылқан жапырақты ағаштар мен ағаш түптерінде от жақпау, шыны және тез жанғыш заттарды тастамау.
Бұл оңай орман уағыздары қарапайым шындықты көрсетеді: жойма, зиян келтірме, өмірді барлық сан алуандығымен қадірле, өзіңнің жер бетінде қонақ екеніңді ұмытпа, береген табиғаттың бізге берген қуанышы мен игілігін барлық адамдар мен жанды заттарға қалдыр.
Орман онда демалыс іздегендердің барлығын қонақжайлылықпен қарсы алады, бірақ оның өзіне қамқорлық пен көмек қажет. Кейбіреулер орманда бәрін істеуге: от жағуға, қоқыс тастауға, ағаштарды сындыруға, өсімдіктерді басуға, жұлуға, құртуға болады деп ойлайды. Оларды от жаққан орында өсімдіктер ғана емес, сонымен қатар үш-төрт жыл аралығында ештеңе өсіп шықпайтын жер де алаңдатпайды. Кейбір жаппай демалыс орындарында әр гектарда 100-ден 250-ге дейін қара, күйген ен-таңба қалып қояды. Ал айналасында – қарау ауыр – сынған бұтақтар, отпен зақымданған ағаштар, бағандардағы жазулар мен таңбалар, қағаз, пакеттер, бос банкалар, шөлмектер... Бұларды кімге қалдырған? Неге адамдар біздің табиғи үйіміздің қасиеті мен тазалығын сақтамайды? Бізден кейінгі ұрпаққа не қалады? Бізден кейін олар қайда келеді?
Орман – бұл біздің байлығымыз, және әр адам табиғатты сақтауға, жақсы адамдық қасиеттерді көрсете отырып, онымен байланысын нығайтуға күші жеткілікті.
 
 
Қостанай облысының ТЖД ӨҚСБжПҚБ