16 atr reid 1 Атырау облысының өрт сөндірушілері көп жағдайда оқиға орнына келгенде үйге бару қиындығына тап болады. Жол ережесін бұзып, жол бойында, тротуарларда, кіреберіс маңдарында қойылған автокөліктер - өрт сөндірушілердің жолындағы ең үлкен кедергі болып табылады.
Қазірдің өзінде тар ішкі аралық жолдар ауыр өрт сөндіру автокөлігі ғана емес, басқа да жедел қызметтік автокөліктер өте алмайтын автотұрақтарға айналды. Тұрғындар ойланбастан, автокөліктерін терезе астында, арнайы автокөліктердің бұрылуына арналған алаңдарда қойып кетеді.
Осыған орай, 2018 жылғы 12 маусымда Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Көмекке жол беріңіз» тақырыбында профилактикалық рейд ұйымдастырды. Аталған рейд бір сағат шамасында созылды. Арнайы дыбыс сигналын қосқан өрт сөндіру бөлімінің автокөлігі қиын жүру жолдары бар көшелермен жүріп өтті. Өрт сөндірушілердің артынан жергілікті полиция қызметкерлерінің автокөлігі ілесіп отырды. 16 atr reid 2
Рейдтің қорытындысы бойынша жолда жүру ережелері талаптарын бұзғаны үшін, 2 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды, атап айтқанда, ҚР Жол қозғалысы ережесінің 598-бабы 2-тармағына сай «Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу» пункті талабын бұзғаны үшін.
Рейд барысында «Қазақстан-Атырау» ТРК журналистерімен «Телепатруль» бағдарламасы үшін бейнерепортаж дайындалды.
 
 
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекетік тіл және ақпарат тобы