10Өрттің арасында болғандар біледі өрт не екендігін түсіндіреді ол адамдарға, ммүлікке қандай зақым, қандай тілсіз жау екендігін мағына беретіндігін түсіндіреді. Өрт әрқашанда бақылаудан шығып кеткен жағдайда адамға қандай әсер тигізетіндігін бәрімізге белгілі. Тілсіз жау жол бойындағы нәрселерді жойып, миллиондаған теңгемен материалдық шығындар әкеледі.
Көбінесе өрттер электр жүйелердің қысқа түйықталуынан, қызып түрған электр жабдықтардың қасында орналасқан заттар мен материалдардың қызғаннан және материалдардың балқыуынан, немесе электр кернеулігі аз болғандықтан пайда болады.
Қысқа тұйықталу дегеніміз - машиналардың немесе аппараттардың электр жабдықтардың апаттық режимге келуі соның ішінде электр жүйелердің кернеулігі аз болған жағдайда және оның қосылып кетуіне жағдай туғызатын жұмыстық режимді атаймыз. Қазіргі уақытта мектептерге, ауруханаларға, клубтарға, бала бақшаларға және тұрғын үйлерге көп назар аударады. Сол себептен мына сұрақтар объектілердің және бағалы материалды заттардың сақталуы, үлкен мағына береді, ал профилактикалық жұмыстар жүргізілуі өрттің болмауына үлкен мағына береді. Объектілердің өрт қауіпсіздік дәрежесін көтеру үшін басшылармен жұмысшылар өрт қауіпсіздік дәрежесін сақтау қажет.
Жоғарыдағы келтірген мысалдарға қарап жылдан-жылға өрттің саны азаймайды. Өйткені ең негізгі себептерінің бірі – іске жарамсыз электр жүйелердің пайдаланылып отырғандықтан.
Ұйымдардың, учаскелердің, цехтердің және тағы басқа объектілердің басшылары, лауазымды тұлғалары өрт қауіпсіздік жағдайына жауап беретіндер мына ережелерді сақтауы қажет:
- Инжинер техникалық жұмысшылармен және қызметкерлермен объектіде өрт қауіпсіздік ережесін оқытуды және орындауды ұйымдастыру қажет;
- Өрт қауіпсіздік ережесінде көсетілген номалар, ережелер мен стандартқа сай орындалуы тиіс;
- Әр жыл сайын электр жүйелердің өртке қарсы жағдайын тексерілуі қажет. Жұмыс аяқталғаннан кейін электр жүйелері токтан алынып, өшірілуі қажет;
- Электр шамдар жанатын және ауыр жанатын материалдардан кем дегенде 0,5 метр ара қашықтықта болуы қажет;
- Изоляцияланбаған электр жүйелер маңызды қоршаулармен немесе арнайы электр бөлмелерде орнатылуы қажет;
- Электр жүйелердің қосылған жерлердің (жүйелер және кабельдер) изоляцияланған болуы тиіс;
- Электр жүйелердің қосылуы, ажыратылуы (жүйелер және кабельдер) арнайы оппрессовкамен, дәнекерлеумен және арнайы қысыммен орнатылуы қажет;
Құрметті басшылар және қызметкерлер, Сіздердің өрт қауіпсіздік ережелерін ұстануларыңыз өрттер мен апаттардың болдырмауына көмегін тигізеді.
 
 
М. Палжанова
Талғар ауданының ТЖБ
аға инженері
азаматтық қорғау капитаны