9 pvld 1 Павлодар облысы ТЖ жөніндегі бөлімшелері ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі филиалының базасында облыстық орталығының алғашқы ардагерлік кәсіпорындары мен мекемелері төрағаларының, сондай-ақ Павлодар облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, Ішкі істер департаменті және Қылмыстық -атқарушы жүйесі комитетінің департаменті күш құрылымдарының ардагерлер бірлестігінің қалалық семинары өткізілді.
Семинардың негізгі тақырыбы келесідей аталады: "Белсенді қоғамдық іс-әрекетке қарт адамдарды тарту бойынша ардагерлер ұйымының қызметі және ардагерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу кезіндегі өзара қарым-қатынас".
Бірінші бөлімде қатысушылар өрт-техникалық орталығының экспонаттарымен танысты. Қонақтарды "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы А. Алдажаров қарсы алды. Орталықтың басшысы Г. Сейлханова өңірдің өртке қарсы қызметінің құрылу тарихы бойынша бір сағаттық экскурсия жүргізді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Н. Нұрбаев Құрметті қонақтар кітабында өз тілегін жазып қалдырды.
Содан кейін барлық қатысушылар ТЖ аумақтық органының ғимаратына келді. Бұл жерде қонақтарға Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жұмысын көрсетті, ардагер Михайл Брюховецтің өрт күзетінің 100 жылдығына әзірлеген деректі фильмін көрді. 9 pvld 2
Семинар-кеңесті Департамент бастығының орынбасары А. Двинянин бастады.
Алексей Игоревич азаматтық қорғау қызметкерлерінің бүгінгі міндеттер мен жоспарлары туралы ақпараттады, ардагерлік ұйымдарды жас буынның патриоттық тәрбиесіндегі көмектері үшін, борыштарына адал болғандары үшін алғысын білдірді, денсаулық, әл-ауқат және жемісті жұмысты тіледі.
Семинар жұмысының барысында дәл ағымдағы жылдың 13 маусымында 80 жасқа толған азаматтық қорғау ардагері Владимир Анастасьевич Мосаковскийді құттықтады.
ТЖ ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрайымы К. Асқарова Ұлттық ұлан және ішкі істер органдары ардагерлерінің қазақстандық кеңесі президиумының В. Мосаковскийдің "ІІМ құрметті ардагері" төс белгісімен марапаттау туралы қаулысын оқыды.
9 pvld 3 Мерей жас иесін ардагерлер Б. Сержанов, Б. Абраев, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Д. Алябьев, басқарманың жас офицерлері құттықтады, Владимир Анастасьевич бұл басқарманың тәлімгері болып табылады. Содан кейін кездесудің қатысушылары жұмыс тәжірибесімен бөлісті, ардагерлер ұйымдарының қызметін жақсарту бойынша нақты ұсыныстарын айтты.
Барлық қатысушылардың пікірі бірдей болды, белсенді өмірлік ұстаным, қатынасу және жұмыспен қамтылу, салауатты өмір сарты кәрілік кезде толық көлемді өмірді қамтамасыз етеді.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аспандияр Нұрбайұлы Нұрбаев семинардың қорытындысын шығара келе, барлық ұсыныстар мен ескертулер, әсіресе жалғыз зейнеткерлерге, тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету облыстық ардагерлер кеңесіне жеткізілетіні туралы атап өтті.
 
 
Павлодар облысы ТЖ департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы