22 PVLDr REiD 1 Лебяжі ауданы! Лебяжі ауданының Аққу ауылында К. Есім көшесінен бастап суару каналының сағасына дейін шомылуға қауіпті бірнеше учаскелер бар. Осы учаскелерде қатты ағындар, шұңқырлар, орлар бар. Дәл осы Ертіс өзенінің учаскесінде судағы адамдардың қаза болу оқиғалары жиі кездеседі.
22 PVLDr REiD 2 Төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің, жедел құтқару жасағының қызметкерлері, Лебяжі ауданы ішкі істер бөлімінің құқық қорғау сақшыларымен өзеннің саға бойымен жаппай шомылатын орындарда рейдтер жүргізуде. Профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты - қауіпсіздік қағидаларын сақтамау себептері бойынша, жазатайым оқиғаларды, суда адамдардың жарақаттануын және қаза болуын ескерту.
22 PVLDr REiD 3 Шомылу маусымының басынан бастап 10 рейд жүргізіліп, судағы қауіпсіздік қағидаларымен 156 адам, оның ішінде 49 бала нұсқаулық алды.
Рейд барысында құтқарушылар және құқық сақтау қызметкерлері шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде ересектердің қарауынсыз қалған балаларға және жасөспірімдерге ерекше көңіл аударуда.
Май ауданы! Шомылау маусымының және өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап Май ауданының азаматтық қорғау және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері халық арасындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
22 PVLDr REiD 4 Мейрам және демалыс күндері суда және табиғатта жаппай демалу орындарында рейдтер жүргізілуде. Аталмыш рейдтердің мақсаты - судағы жағдайларды бақылау, "Шомылу маусымында судағы тәртіп" және "Өрт қауіпсіздігі қағидалары" тақырыбында жадынамалар мен парақшаларды таратумен, судағы жазатайым оқиғаларды ескерту бойынша әңгімелер, нұсқаулықтар жүргізілді.
Павлодар қ. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері Усолка су айдынында рейд жасап жүріп, мас күйінде шомылып жүрген ер адамды құтқарды. Жедел іс-әрекеттің арқасында№ 4 құтқару бөлімінің қызметкерлері қайғылы жағдайды алдын алды. Табиғатта спирттік ішіммдіктерді ішу кезекті жағдайы, демалыста су мен арақ сыйымсыз нәрсе.
 
Лебяжі ауданы ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты - А. Дайыров
Май ауданының ТЖБ
Павлодар облысы ТЖД
Жедел құтқару жасағы