26 SKO Kup 1 Судағы ТЖ алдын-алу мақсатында, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметімен ІІО-ның Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша және ЖАО-мен "жабайы жағажайларға" және шомылуға арналған жерлерге рейдттер жүргізілуде. «Суда демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!» мұндай ұран іс-шара кезінде өтеді. Рейд барысында халыққа демалушыларға суға шомылу кезінде мұқият әрі абай болуға, өз өмірін қорғауға, жадынамалар таратылып, профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Көбінесе адамдардың өз кінәсінен, өздеріне тым артық сенуінің өз күштерімен мүмкіндіктерін асыра бағалауда, судағы кішігірім ережелерді сақтамаудың нәтижесінде судағы оқиғалар орын алуда.
26 SKO Kup 2 Осыған байланысты, азаматтардың бірінші кезектегітыйым салатын қауіпсіздік шараларына көңіл аударғым келеді:
- суға мас күйінде түсуге және шомылуға болмайды;
- қайықтардан, катерлерден, айлықтардан, сондай-ақ құрылыстарда жабдықталмаған осы мақсаттарда суға секіруге болмайды;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;
- жүзуге арналмаған құралдамен суда жүзбеу;
- су айдыныда асыра жүзуге тырыспау;
- шомылуға белгіленбеген орындарда жүзбеу;
- балаларды қараусыз қалдырмау;
- ересектердің қарауынсыз балаларға суға кіруге болмайды;
Шомылу алдында ең бірінші су айдынын тексеріп алу қажет,жағалау құмды әрі суға түсуге ынғайлы болу керек.
Таңдалған суға шомылу орынында, еңіс шұңқырлар мен ойықтар жоқ екеніне көз жеткізу.
Атап өткен жөн:ұзақ уақыт бойы суға шомылу да денсаулық үшін қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен судың және желдің, ауаның температурасына байланысты.
 
Солтүстік-Қазақстан облысы ТЖД
Ғ.Мүсрепов ауданының ТЖБ