25 Jambyl ReiD 4 Өрттер мен су айдындары және өзендерде адамдар өлімінің алдын алу үшін Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкерлерімен тұрғын үй секторындағы тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Аталған жұмыстар адамдардың жаз мезгілінде демалатын орындарында, атап айтқанда саяжай кооперативтерінде және балалар шомылуды жақсы көретін, саяжай аумағының маңында орналасқан иррегация жүйелерінде (каналдар, арықтар) жүргізіледі. 25 Jambyl ReiD 5 Осылайша, үстіміздегі жылдың маусым айының басынан қазіргі уақытқа дейін Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлерімен өрттердің, су айдындарында адамдардың жарақаттануы мен қаза болуының алдын алу мақсатында тұрғын үй секторы мен адамдар шомылатын жерлерде үгіт –насихат жұмыстары жүргізілді. «Береке-Садовод», «Победа», «Ветеран» «Өңдірістік кооперативі» ӨК саяжай кооперативтерінің төрағаларымен бірге тұрғындармен 3 жиын өткізіліп саяжай кооперативтеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды. 380 тұрғын үйге үйме-үй аралау жүргізіліп, 217 адамға қол қоюмен өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқаулық жүргізілді.
Жүргізілген түсіндіру және алдын алу жұмыстары халықтың өрт қауіпсіздігі шаралары туралы білімі мен ақпараттандыру деңгейін көтеруге, тұрғын үй секторының өртке қарсы қорғанысын нығайтуға, сонымен қатар шомылу маусымы кезінде бақытсыз жағдайлардың санын қысқартуға ықпал етуде. Бұл бағытағғы жұмыстар жүргізілуде.
 
Жамбыл облысы ТЖД
Халыққа хабар беру және оқыту тобы