23 Aktobe 1 Нашақорлық - жеке тұлғаның толық жоғалуына, сонымен қатар көптеген жағдайларда физикалық денсаулықтың асқынуына әкелетін жағдай.
Халықаралық есірткіге және заңсыз айналымға қарсы күрес күні - қоғамға есірткіге тәуелділіктің проблемасын шешудің маңызды мәселесін енгізуге мүмкіндік береді. Бұл мәселенің шешімі жер шарының кез-келген нүктесінде өмір сүріп жатқан әрбір адамды алаңдатуы тиіс. Тек бірлескен күрестің арқасында ғана қазіргі заманғы жаһандық проблеманы - нашақорлықты шешуде оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
23 Aktobe 2 Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне байланысты Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамына «Есірткісіз өмір» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер ретінде наркологиялық диспансер психологы М.Аязбаева сөз сөйледі.
Дәріскердің айтуынша нашақорлар (көбінесе олардың туыстары да) өкінішке орай есірткі затының жай ғана әуестік емес, тәуелділік екенін тым кеш түсініп жатады. Есірткі заттарына, есірткіге деген әуестік және осы жойқын құбылыстың салдарына қатысты ақпарат барлық жерде айтылуы тиіс. Тек осылай ғана көптеген адамды бұл дерттен құтқаруға болады.
 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
№ 3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі