33 SKO Konkurs 1 Шілденің ыстық күні «Березка» лагерінде М.Жұмабаев ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен демалушы балалардың дәстүрлі кездесуі өтті.
Әр жаз сайын құтқарушылар балаларға ойын бағдарламасымен келеді. Бұл жолы олар лагерьде өрт қауіпсіздігіне және судағы мінез-құлық ережелерін сақтауға арналған сурет байқауын өткізді.
Мұндай іс-шаралар жасөспірім ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін жақсарту, балаларды төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету, ТЖ болдырмауға бағытталған білім беру багажын толтыру мақсатында өткізіледі.
Әрбір топ өздерінің плакаттарын керемет және егжей-тегжейлі таныстырып, күнделікті өмірде және табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуының маңыздылығын атап өтіп, Бұлаев қаласындағы 12-ӨСБ және ТЖ қызметкерлеріне өз жұмыстарының тұжырымдамасы туралы әңгімелеп берді.
Байқауға әр топтың біреуінен 9 плакат ұсынылды. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға «Торнадо» тобы ие болды, екінші - «Чемпиондар» тобы, ал үшінші - «Грифендор» тобы. 65 бала қамтылды.
 
М.Жұмабаев ауданының ТЖб
Солтүстік-Қазақстан облысы ТЖК