4 SKO Prof 1 Жазғы кезең – Солтүстік Қазақстан облысы құтқарушылары үшін "ыстық". Жұмыс және демалыс күндері СҚО ТЖ Департаментінің қызметкерлері судағы адамдардың қаза болуының алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
11 шілдеде, СҚО ІІД, ТЖ мамандарымен кезекті рейдін жүргізу барысында, қауіпті жағажайлар қамтылды, яғни суға түсу үшін жабдықталмаған орындар. Бұндай жерлер Есіл өзені мен облыстың басқа да су қоймаларында көп. Ыстық күндері қауіпті жағалаулар демалыста спирттік ішімдіктерді жиі қолданатын, демалушылармен толы.
4 SKO Prof 2 Құтқарушылар, шомылуға арналмаған жерлерді аралап, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, жаднамаларды тапсырып,тұрғандармен әңгімелесті. Олар патрульдеу кезінде өзеннің ортасында күші таусылған жүзгішті байқап, оған жағалауға дейін жетуге көмектесті. Ол өзенді басып өткісі келгендігін, бірақ бұл қауіпті жеңе алмайтындығын сезінгендігін мойындады. Жерге түскен соң, ол құтқарушыларға көмектескендері үшін алғысын білдірді және енді өмірімен тәуекел жасамауға уәде берді.
ТЖ ведоствосының қызметкерлерінің төтенше жағдайларды алдын алу мен ондағы адамадардың қаза болу жұмысы қаншалықты маңызды.Алдын алудың арқасында қаншама адам өмірлері құтқарылды!Ол туралы тек адамдардың өздері ғана білетін шығар, оларға құтқарушылардың өз өмірлерін сақтауға шақыруын естіп, түсінді.
Суға түсу маусымы басынан облыс су қоймаларында барлығы 5 адам батты, оның ішінде 2 бала. Петропавл қаласының жағажайларында: Есіл өзені мен Пестрое көлінде құтқарушылар балаларды жүзуге үйретіп жатыр. Сонымен, 30 жас солтүстікқазақстандықтар өз ісінің мамандары арқасында шомылудың қырларын игерді.
 
Булатжан Асқарбеков,
СҚО ТЖ Департаментінің
ТЖ жою бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі