20 ZKO ReiD 1 Су айдындарындағы адамдардың қазасына әкелетін төтенше жағдайлардың көбі мас күйінде суға шомылу, ерсектердің қадағалауынсыз балалардың суда шомылуы, судағы өзін-өзі ұстау ережелерінің бұзылуы, балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамау себебінен болатынын талдаулар көрсетті.
Суға шомылу қауіпсіз болуы үшін суға шомылудың қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу қажет:
- жағажай болмаған жағдайда, қауіпсіз және рұсат етілген жерде ғана суға шомылыңыз, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Таныс емес жерлерде сүңгімеңіз, себебі су түбінде қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Суға шомылар алдында демалып алған жөн. Тамақтанып болысымен және масаң күйде суға шомылмаңыз.Қалтырай бастасаңыз суда шомылуды тоқтатыңыз. Тәулігіне 2 рет қана таңертең және кеште суда шомылу ұсынылады.
20 ZKO ReiD 2 Жүзу кезінде дененің тырысып қалуы мүмкін. Тырысулар бұлшық еттің салқындауы және кенеттен қатты қозғалу кезінде басталады. Аяқ-қолыңыз құрысқан кезде көмекке шақырыңыз. Егер судың бетіне шығу мүмкін болмаған кезде, келесідей іс-әрекет жасаңыз:
- қолыңыздың саусақтары құрысып қалған кезде, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе, лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;
- балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз.
Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере демалып, иірімнің астына сүңгіңіз. Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып, жағаға қарай жүзіңіз.
Сіздің көз алдыңызда адам суға бату жағдайы орын алғанда не істеу керек?
Судың ағысын, желдің бағытын, жағалауға дейінгі қашықтықты ескеру керек.
Суға батушы адамның жанына жүзіп жеткен болсаңыз, ол адамды сабырға шақырыңыз. Егер өзі қимылдай алатын болса, құтқарушының иығынан ұстау керек. Ал егер суға батушы ес-түссіз болса, оны қолтығынан немесе шашынан ұстап жағаға алып шығу қажет.
Батып жатқан адам сіздің қолыңыздан немесе мойыныңыздан қысып алған жағдайда босатыңыз немесе сүңгіңіз, сақтану түйісігі сізді жіберуге мәжбүрлейді.
Құтқарушылар суға батудың 10 жағдайының 9-ы адамдардың өз кінәсінен болады деп есептейді. Егер ересектер өздерінің немқұрайлығынан суға кетіп жатса, балалар ересектердің ұқыпсыздығынан (балаларға салғырт қаруынан) суға ктеді. Абай болыңыздар! Есіңізде болсын, тәртіп пен ұқыптылық - судағы қауіпсіздіктің кепілі!
 
Н.И.Сисенов
Казталов ауданы ТЖБ-нің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты