31 SKO 112 let И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залында Иван Шуховтың туғанына 112 жылдығына арналған «Мен бұл жерді бала кезімнен ұнаттым» әдеби портреті өткізілді.
Жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иван Петрович Шухов 1906 жылы 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы Пресновка аулында дүниеге келген. Омбы жұмыс факультетін бітірген, Мәскеу әдеби институтында оқыған. 1928 – 1934 жылдары Омбы, Уфа, Самара, Новосибирск, Мәскеу газеттерінде әдеби қызметші болған. 1934 – 1937 жылдары «Ударник» газетінің (СҚО Преснов ауданы) редакторы, 1957 – 1974 жылдары - «Литературный Казахстан» әдеби жинақтың, «Простор» журналының бас редакторы.
Иван Петрович Шухов «Ненависть» (1931ж.), «Горькая линия» (1931ж.), «Родина» (1936ж.), «Действующая армия» (1940ж.) романдарының авторы. Соғыстан кейінгі жылдары «Золотое дно» кітабын, повестерді, жолжазба очерктерді, әңгімелерді, новеллаларды дүниеге әкелді. Қазақ әдебиетінің классиктері – С. Мұқановтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, А. Әбішевтің және т.б. шығармаларын орыс тіліне аудару саласында жемісті жұмыстар жасады. И.Шуховтың шығармалары бұрынғы КСРО халықтарының және шет елдердің тілдеріне аударылды.
1974 жылы «Пресновские страницы» автобиографиялық романдары Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Еңбек Қызыл Ту орденімен екі рет, Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталды.
«Ол қалай айтсақ, ми сүйегіне дейінгі жазушы, Құдайдың мейіріміне ие талантты болған және сондықтан өз ойынша ойлаудың бақытты қабілетіне ие болды, осы ойларын тек өзінше, Шуховша шығара білді» деп Ғ. Мүсірепов «Менің қымбатты досым және жерлесім» өз естеліктерінде Шухов туралы осылай жазады.
Жазушының елі – Солтүстік Қазақстан облысының Пресновка ауылында И. Шухов атындағы мемориялдық музей үйі бар, оның есімімен Петропавл қ. орталық қалалық кітапханасы, мектеп, көшелері аталады.
Іс-шара барысында Иван Петровичтің қаншалықты тамаша адам болғаны, оның оқырмандармен, жаңа бастаған және танымал жазушылармен кездесулері, оның еңбек жолы, өмірі мен қызметі туралы фактілерімен бөлісті. Облыстық өлкетану мұражайда сақталған фотосуреттері көрсетілді. Солтүстік Қазақстандық казактардың тарихы баяндалды. «Звонница» орыс-қазақ әндерінің халық ансамблі бірнеше қазақ әндерін орындады. И.П.Шуховтың шығармашылығына құмарлардың кездесуі «Өлең жолдарымен көңілді қуанышқа бөлеу» кітап көрмесінде әдебиеттерді шолумен аяқталды.
Тұтастай алғанда, мен осы шараны өткізу аясында Иван Петрович Шухов шығармашылығының жаңа бетін аштым. Мен осындай көрнекті ақынның, жазушының жерлесі екенімді мақтан тұтамын. Болашақта И.П. Шуховтың өмірі мен еңбек жолын тереңірек зерттеп, өзім үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашуды жоспарлап отырмын.
 
Данияр Тілеуімбетов,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кәсіби даярлық мектебінің тындаушысы