
Мұндай іс-шаралар әр демалыс және мерекелік күндерде жүргізіледі. Бүгінгі таңда 42 рейд өткізілді, 5245 дана жадынамалар және кітапшалар таратылған. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі бойынша 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 364-бабына сәйкес 14 адам, 440-бабына сәйкес 21 адам, сонымен қатар ересектердің балаларды қараусыз қалдыру фактілері анықталғанда, ата-аналармен мұндай жағдайларды болдырмау туралы профилактикалық жұмыс өткізіледі.