29 SKO Lu4shi voditel 1 Петропавл қаласының әскери-техникалық мектебінің аумағында «Жоғары жылдамдықты маневр жасау бойынша үздік жүргізуші» атағына облыстық жарыстар өткізілді. Байқау «Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және аваиялық» мемлекеттік мекемесінің жүргізушілерінің кәсіби д-құтқару жұмысы қызметі» ММ жүргізушілерінің кәсіптік дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Жарыста бұрын Петропавл қаласында және аудандарда өткізілген, аудандық жарыстарда іріктеу кезеңінен өткен облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінің үздік жүргізушілері қатысты.
29 SKO Lu4shi voditel 2 Жарыстың облыстық және аудандық кезеңінің алдында барлық жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін білу бойынша тестілеуді қамтитын, техникалық минимум бойынша сынақты қабылдау өткізілді. Сынақтан өтпеген қызметкерлер одан әрі жарыстарға жіберілмеді.
Айта кету керек, жыл сайын қатысушылардың шеберлігі артып келеді, себебі олардың алдындағы міндеттердің күрделілігі қиындатылуда. Жүргізушілер 11 жаттығудан тұратын мүмкіндігінше қысқа мерзімде және байқаудың талаптарын бұзбай алаң бойынша өту керек: «Бокске кіру», «Шеңбер», «Тұраққа кіру», «Туннелді қақпа », «Эстафета», «Жол», «Сегіздік», «Кендір жіп», «Тоқтау сызығы», «Суды қабылдау». Бұл кедергі жолақтарының барлық элементтері - жүргізушінің кәсіби сапасының сапалы сынағы болып табылады.
2018 жылғы «Жоғары жылдамдықты маневр жасау бойынша үздік жүргізуші» атағының жеңімпазы және иесі Шал ақын ауданының Сергеевка қ. 20-ӨСБ өрт сөндіру машиналарының аға жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Жеңіс Қожабаев атанды.
Екінші орынды Ақжар ауданының Ленинградск ауылының 8-ӨСБ ӨСБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Диас Сұлтанбек және үшінші орынды Петропавл қ. 5-ӨСБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау прапорщигі Еркебұлан Әубәкіров иеленді.
Жарыстың «Жоғары жылдамдықты маневр жасау бойынша үздік жүргізуші» атағы жеңімпаздарына салтанатты жиында құнды сыйлықтар мен грамоталар тапсырылды.
 
Руслан Нұртазин,
«СҚО ТЖД ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Өрт техникасы және жабдықтар
бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау подполковнигі