Шымкент қ. ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары жыл сайын қайырымдылық акциясына қатысып, көп балалы отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді.
Жасақ құтқарушылары «Мектепке жол» акциясы шеңберінде қайтыс болған әріптесі Сәрсенбеков Жомарттың балаларына көмек көрсетті. Бұл жылы Ж.Сәрсенбековтің әріптестері оның балаларына мектепке қажетті заттармен (киім-кешек, кеңсе заттары) қамтамасыз етті. Олар сауда орталығында бірлесе сауда жасай жүріп, қайырымды, жайлы жағдай жасап, әкелерінің жоқтығын білдіртпеуге тырысты.
Жомарт Сәрсенбеков 2016 жылы тауда адасқан туристті құтқару жұмысын жүргізу кезінде қайтыс болған еді. Оның артында 5 баласы қалды.
Жомарттың әріптестері балаларға зор денсаулық пен оқуда озат болуға тілек білдірді. Балалар өздерінің бала көңілдерімен мектепке алған базарлықтарына дән риза болды. Ал анасы, олардың қуанышты жүзін көріп, құтқарушыларға алғыс айтты.
 
Шымкент қ. ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы