27 Aktobe Poliglot 1 Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар шеңберінде, Қазақстан халықтарының тілдері күні құрметіне Ақтөбе облысының ТЖД облыстық «Полиглот» байқауы өткізілді. Байқауда Департамент бөлімшелерінің қызметкерлері бақ сынасты. Сонымен бірге, қазылар алқасы ретінде Білім басқармасы жанындағы «Тілдерді оқыту орталығының» оқытушылары шақырылды.
27 Aktobe Poliglot 2 Байқаудың мақсаты – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, тағы басқа да тілдерді еркін меңгерген қызметкерлерді анықтау.
27 Aktobe Poliglot 3 «Полиглот» байқауына қатысушылардың алдына қойылған басты міндет – үш тілді білу деңгейін көрсету, терминдердің аудармасын жасау және айту болды.
Байқау бес кезеңнен тұрды: таныстыру, төтенше жағдайлар саласы бойынша терминдерді аудару, қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмысы мен мәдениетіне байланысты сұрақтар, берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ахуалды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бағалап, сипаттап беру, экранда кириллицамен берілген сөздерді латын графикасында жазу.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ №3 МӨСБ аға байланыс шебері Нәби Сайлауұлы Бақберген үздік деп танылды. Ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласында Қарағанды облысының ТЖД-да өтетін республикалық байқауға қатысатын болады.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы