23 PVLDR Memorandum 1 Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары С. Асайыновтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында Төтенше жағдайлар аумақтық орган мен жоғарыда аталған үкіметтік емес ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
23 PVLDR Memorandum 2 Осы келісім ынтымақтастық және бірлескен іс-қимылдарды тиімді үйлестіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою саласында, тараптардың күштері мен құралдарын ұтымды пайдалану мақсатында қабылданды.
23 PVLDR Memorandum 3 Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша облыстық курстарда дайындықтан өтетін барлық ұйымдық - құқықтық нысандағы кәсіпорындар басшылары арасында халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді таратуға белсенді қатысады. Сондай-ақ халықты төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларына және іс-қимылдарға және халықты психоәлеуметтік қолдау көрсетуге, дағдарыс жағдайында қалған адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуге, өтеусіз және ерікті донорлық мәдениетін жаңғыртуға үйретеді.
 
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті
азаматтық қорғаныс басқарамысының аға офицері капитан - А.Ж. Жанабаев