26 Mang obl Konkurs 1 Ақтауда өрт сөндіру бөлімі аумағында күрделі жөндеу жүргізілген өрт сөндіру техникаларына байқау-жарысы өтті. Автотехниканың тозуы мен ескіруі – әдетте қарапайым жағдай тәрізді. Көліктер өз қызметін жасады, алайда тозған құрал қатарына енгізбестен қалпына келтіру үшін оның құрал-жабдықтарына да мән берген жөн. Алайда, он жылдан астам уақыт пайдаланудан кейін де қажетті және адамдарға керекті көліктер де бар. Мұндай өмірлік қажетті техникаларға, сөзсіз өрт сөндіру автокөліктерін қатарға қосуға болады.
Міне, жиырма жылдан аса уақыт бойы Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің құрал-жабдықтауында КамАЗ шассиінде автомобильдер орналасқан. Мықты және жоғары жүрісті, жауынгерлік сипатта пайдалануға тәжіребиге дайын және маңыздысы күрделі жөндеуге жарамды. Алайда, олардың басым бөлігі көп жылдар бойы қызметтері барлық пайдаланудың шектеулі мерзімдері өтіп кеткен, олардың техникалық жағдайлары болмай қалуы ақиқат.
2018 жылдың 10 қазанында таңертеңгі мезгілде алғашқы жаңартылған өрт сөндіру автокөліктері Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Е.А. Мауленовке ұсынылды. Соңғы жылдары ол өзінің ғұмырын № 8 өрт сөндіру бөлімінде өткізген. Өрт сөндірушілердің еңбегінің арқасында 12 автокөлік қайтадан толықтай қалпына келтірілді.
– Бүгін бізде байқау-жарысы өтті – Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Ерлан Мауленов. – Облысымыздың өрт сөндіру бөлімдерінде өрт сөндіру техникаларына күрделі жөндеу жүргізуді бастадық. Бүгін сол күрделі жөндеуден өткен алғашқы автокөліктерді көрсеттік. Сондықтан, біз жай-күйі тозығы жеткен қалыпта болған ескі өрт сөндіру автоцистерналарының бүгінгі таңда жаңа өмірге қадам басқандығына өте қуаныштымыз. Осылайша біз 10 жылдан және одан да көп жыл қызмет еткен өрт сөндіру техникаларына екінші өмірді сыйладық.
Байқау-жарысына жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табысталды. Бірінші орынға Ақтау қаласы № 1 МӨСБ иеленді, екікамералы тоңазытқыш сыйға берілді, екінші орынды Құрық ауылы № 2 ӨСБ алды, кір жуғыш машина табысталды, ал үшінші орын Теңге ауылы № 12 ӨСБ-ге бұйырды, теледидар ұтып алды.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы