25 Mang obl 1 Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері тарапынан Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстары басталды.
2018 жылдың 9 қазанында Ақтау қаласы № 20 жалпы білім беру мектебінің акт залында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.А. Мауленов насихат жұмыстарын жүргізген болатын, онда Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ күндізгі бөлімнің факультетіне оқуға түсу тәртібі мен азаматтық қорғау органына жұмысқа орналасу туралы, мемлекеттік қызметке тестілеу тапсыру жөнінде және азаматтық қорғау органында қызмет ету тәртібі жайында оқушыларға түсіндіріп берді.
25 Mang obl 2 Сондай-ақ, Ерлан Мауленов осы мектептің 11 сынып оқушысы, батырымыз, спортшы, Варнада (Болгария) қыркүйек айының 24 пен 30 аралығында өрттен құтқару спортынан өткен чемпионатында екі рекорд орнатқан жүлдегер Кусманов Дауренді құттықтады. Мауленов Ерлан Дауренді сыныптастары алдында құттықтап, құнды сыйлық табыстады, сонымен қатар мектеп директоры Смағұл Тілектес Қаршығақызына, сынып жетекшісі Қапашова Гүлнұр Сұлтанқызына тәлім-тәрбие бергені үшін алғыс сөзін білдірді.
Мектептің акт залында Маңғыстау облысының 2018 жылдың 7-8 тамызда Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатының жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болған өрттен құтқару спортынан құрама командасы да қатысты.
Спортшылар мен мектеп бітірушілердің арасында өте қызықты іскерлік әңгімелесу болып өтті. Мектеп бітірушілердің басым бөлігі азаматтық қорғау органына жұмысқа орналасу мәселелері жайында, өрт сөндіруші жұмысы туралы, КТИ оқуға түсу және өрттен құтқару спорты туралы сұхбаттарға қызығушылық танытты. Оқушылардың барлық қойған сұрақтарына толықтай жауап қайтарылды, үгіт-насихат буклеттері таратылды, шараға 100-ден аса оқушы қатысты.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметнің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы