27 ZKO reiD 1 Тілсіз жау кенеттен келіп, оқыс жай орын алғанда әрбір сәт, секунд маңызды. Шақырту орнына жол тартқан арнайы дыбыс, жарқылдауық маягі қосылған өрт сөндіру техникалары қала ішімен тектен-тек жүйіткімейді, олар адамдарға көмек көрсетуге асығады. Әрбір шалынған қоңырау біреудің мұңы, уайымы, қайғысы. Осындай төтенше жағдайға асыққан арнайы техникаларға жол бойында әр түрлі кедергілер тап болады. Олардың ішіндегі көп кездесетіні - автокөлік жүргізушілерінің арнайы көлікке жол бермеуі. Жол қозғалысы ережелерін сақтау жағдайында жүргізуші арнайы көлікке жол беруі тиіс.
27 ZKO reiD 2 «БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 10 қазанда Орал қаласында БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен бірлесе, «Арнайы автокөлікке жол беріп, адам өмірін құтқаруға мүмкіндік бер» атты рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсатымыз – шақырту орнына бара жатқан арнайы автокөліктің уақтылы, кедергісіз жетуін қамтамасыз ету.
Іс-шара өткізу барысында ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ ӘҚК 598-бабының 2-тармағына сәйкес (сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілеулер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу) ЖПҚ қызметкерлері 5 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Іс-шараға Азаматтық қорғау қызметінен 6 қызметкер мен 3 бірлік арнайы автокөлік, ЖПҚ 14 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, бірлескен рейдті жариялау үшін қалалық «ТДК-42» арнасы да шақыртылды.
 
Р. Джирентаев
«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
ӨС және АҚЖҰБ ӨСБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты