26 Astana Ptof 1 Қыс мезгілі де жақындап қалды! Осыған орай қыс мезгілі басталмас бұрын мұзда балық аулау және аңшылық кезіңдегі төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 10 қазанда астаналық Департамент қызметкерлері қалалық балық және аң аулау дүкендерін ("Қамал" және "Рыбалов" дүкен желілері) аралады, дүкенге келген адамдарға балық пен аң аулаға шығар алдында қауіпсіздік шаралар туралы ережелері жеткізілді. Сонымен бірге дүкендердің көрінетін орындарда қауіпсіздік ережелері бойынша ақпарат орнатылып, адамдарға қауіпсіздік бойынша 40 жуық жадынама таратылып, қосымша 150 астам көрнекті материал дүкендерде қалдырылды.
Қағида бойынша қыста үсікке тап болу, адамдармен техниканың мұз астына түсіп қалу, сондай-ақ адамдардың қатты борандарда жоғалуы жағдайлары сирек емес. Адамдар мұздағы балық және аң аулауға шығар алдында келесі қарапайым қауіпсіздік шараларды сақтамайды: қатпаған мұзға шығу (тым жүктелген көлікпен жүру), балық және аң аулауға шығар алдында ауа-райы болжамдарын анықтамау, жеткілікті жылы киінбеу, жылыну құрал (байланыс құралдары) жабдықтардың жоқтығы, таныс емес жерлерге шығу. Өмірді сақтап қалуға болатын осы шараларды ешқан ұмытпау қажет!
 
Астана қ. ТЖД ТЖЖБ