25 Astana Den Post 1969 жылы Токиода өткен Халық аралық пошталық одағының XVI Конгрессінде 9 қазан күні Халықаралық пошта күні болып жарияланды. Бүгінгі таңда Халықаралық пошталық одағының құрамына 192 мемлекет кіреді. 1992 жылдың тамыз айынан бастап «Қазпошта» АҚ Халықаралық пошталық одағының толық құқықтық мүшесі болып саналады.
Осыған орай Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы «Қазпошта» АҚ ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқандары және өрт қауіпсіздікті насихаттауға көмек көрсеткендері үшін үлкен алғыстарын білдірді. Құттықтау сөзі аяқталған соң, ерекше көзге түскен почташылар Басқарма басшылығының атынан алғыс хаттарымен марапатталды.
Атап кететін жағдай, көптеген жылдар бойы «Қазпошта» АҚ ұжымы «Алматы» ауданының басқармасына тұрғын секторда өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша насихаттау материалдарын және ақпараттық хаттарын тарату арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізуде жәрдем көрсетіп келеді.
 
Астана қаласы ТЖД
«Алматы» ауданының ТЖБ