12 ZKO sotr Қызмет қызметкері «Құтқарушылап күні мерекесі» қарсаңында ағымдағы жылдың 16 қазан күні облыстық «AQJAIYQ» радиосының қонағы болды. Өз еңбек жолын 2013 жылы № 7 ӨСБ өрт техникасының жүргізушісі болып бастаған Джирентаев Рустам Мазхарұлы бүгінгі күні Қызметтің ӨС және АҚЖҚҰБ ӨСБ аға инженері лауазымында жұмыс атқаруда. Осы салада жүргеніне 5 жыл жарымдай уақыт болыпты. «Мен таңдаған мамандық» бағдарламасының қонағы ретінде өз мамандығының қыры мен сырларын, қиындықтары мен қызықтарын көпшілікке әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, ағымдағы жыл бойынша қалада барлығы 1762 шығудың болғандығын, оның ішінде 518 өрт, 109 авариялық құтқару жұмыстары орын алып, құтқарылғандардың саны 50, оның ішінде 21 бүлдіршіннің болғандығын, эвакуацияланған 685 адам, оның 149-ы балалар екендігі жөнінде де кішігірім ақпаратты ұсынды. Радио тыңдармандарға маман ретінде өрттен сақтанудың ең тиімді жолдары туралы кеңестер мен ұсыныстарын айта отырып, аға инженер Р. Джирентаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына ынта білдірген тұлғаларға КТИ бойынша шағын ақпаратты жеткізді. Яғни, оқуға түсуші талапкерлер « 5В100100 – Өрт қауіпсіздігі», «5В103100 Төтенше жағдайларда қорғау», « 5В103200 – Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері» сынды мамандықтарға тапсыра алатындығын және оған таңдау пәні – физика болатындығын құлаққағыс етті. Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданатынын жеткізді.
Алдында тұрған қызметін аса жауаптылықпен орындап, елге, халыққа адал қызмет етуге әр кез дайын қызметкерлеріміздің еңбегі – мемлекет үшін қашанда игі іс болмақ.
 
«Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы