10 SKO Bezop dost kazhd Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментінің басты бағыттарының бірі тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы төтенше жағдайының алдын алу болып табылады.
Тұрғын үйлердегі, адамдар көп жиналатын нысандардағы өрттердің алдын алу мақсатында ведомство қызметкерлері аула аралау, тұрғын үй секторындағы жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтер, сауда үйлеріндегі шаралар, өртке қарсы ережелерді сақтау тақырыбына әңгімелер мен нұсқамалар жүргізеді. Осындай жұмыста қолданылатын құралдардың бірі өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіретін жадынамалар беру болып табылады. Шағын, бірақ әсем жаднамада үйлер мен қоғамдық ғимараттарды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етудің негізгі өмірлік маңызды сәттері түсінікті түрде жазылған. Біреулер, өз өмірін сақтауға шақыратын ақпаратты ескерместен, оны пешке немесе жәшікке тастайды. Бірақ адамдардың көпшілігі оны ризашылықпен қабылдайды, өйткені бұл жай ғана қағаз парағы емес, бұл әр адамның денсаулығы мен мүлкін сақтауға бағытталған парақшалар
СҚО Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің филиалының қызметкерлері мен келушілері ТЖ мамандарының сапары үлкен ризашылықпен қабылданды,онда құтқарушылар тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайын қажетті қамтамасыз ету тақырыбына дәріс өткізді. Көру мүмкіндігі шектеулі адамдар қызметкерлердің сөзін мұқият тыңдап, оның барлық жерде маңыздылығын атап өтті. Соңында қатысушыларға арнайы Брайль шрифтімен әзірленген, пештерді, электр жабдықтарын, газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану қажеттілігі туралы айтылды.
Бүгінгі күні Қазақстанда халықтың қауқары аз топтарына арналған кедергісіз орта құрылуда және ТЖ Департаменті ақпараттық платформада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оқыту материалдарын бейімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Терроризм: Өзіңді және басқаларды құтқар» фильмі әзірленді, ол «Qyzyljar» телеарнасындағы сурдоаудармамен көрсетілді. Фильмді СҚО ТЖД ресми сайтынан көруге болады http://sqo.emer.gov.kz/
Жыл басынан бері Департамент тұрғындар арасында ТЖ алдын алу туралы ақпаратты қамтитын 90 мыңнан астам көрнекі құралдарды таратқан.
 
Наталья Попова,
СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласында
бақылау және халықты
профилактикалық қызмет
ақпараттандыру тобының бас маманы,
азаматтық қорғау подполковнигі