12 SKO Otkryt PP 1 Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ «Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Есіл ауданы Заградовка ауылында «Заградовское» ЖШС базасында өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылуды Заградовка ауылдық округінің әкімі Бірік Төлегенов, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Денис Шуваев және «Заградовское» ЖШС директорының міндетін атқарушы Александр Жидяев өткізді.
12 SKO Otkryt PP 2 Аталған өрт сөндіру бекеті 2 мыңнан астам халқы бар ауданның 5 елді мекенін қорғауды қамтамасыз етеді. Оны құру қажеттілігі Заградовка ауылының аудан орталығынан 63 км қашықтығына байланысты. Жаңадан құрылған команда жануға шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады,қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, халыққа көмек көрсетеді. 12 SKO Otkryt PP 3 Өрт сөндіру бекетінің болуы және жұмысы ауыл шаруашылық алқаптарының қорғалуын арттыруға, жақын жердегі елді мекендер мен орман дала алқаптарындағы өртке жедел ден қоюға, шығынды азайтуға және бастапқы сатылардағы өртті жоюға мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражмен, диспетчерлік пунктпен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Қару-жарақта АЦ-40(53) өрт сөндіру автокөлігі бар. Тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікке 3 адамнан тұратын жеке құрам түседі.
Заградовка ауылының тұрғындары бекеттің салтанатты ашылуына үлкен ықыласпен қатысты, және оны құруға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді, жаңа өрт сөндіру бекеті қауіпсіз болашаққа сенім ұялатады және отты апаттан қорғауға кепілдік береді.
 
Жұлдыз Есенғазин
Есіл ауданының ТЖБ бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі