24 Alm Obu4enie 1 Төтенше жағдайлардың, соның ішінде өрттің алдын алу, сондай-ақ «Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 5 желтоқсаны күні «Текелі энергокомплекс» ЖШС-де шартты өртті сөндіру тақырыбында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.
24 Alm Obu4enie 2 Аңызға сәйкес өрт көмір сақтауға арналған бөлмеден шыққан. Өрт сөндірушілер тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс жасау аппаратына қосылып, ғимаратты барлау жүргізді. Шартты өртті сөндіру кезінде адамдар эвакуацияланды.
24 Alm Obu4enie 3 Өрт-тактикалық жаттығудың мақсаты қалыптан тыс жағдайлар орын алған жағдайда басшылықтың және қызметкерлердің іс-әрекеттерін пысықтау, ғимарат бөлмелері қою түтінге толған жағдайда өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының жауынгерлік жұмыстарын жүргізуі кезіндегі жауынгерлік іс-әрекеттерін, өрт және өзге де жағдайлар орын алған кезде қаладағы арнайы авариялық-құтқару қызметтерімен өзара іс-әрекет етуді пысықтау, объектінің өрт-тактикалық ерекшелігін және жоспарын зерделеу болып табылады.
Шартты өртті сөндіруге Текелі қаласындағы 24-ӨСБ, Ескелді ауданының №35-ӨСБ, Талдықорған қаласындағы №21-ӨСБ, Талдықорған қаласындағы №22-ӨСБ, ӨСКҚ, Текелі қаласының полиция бөлімінің жол-патрульдік полициясының, Текелі қаласының жедел жәрдем станциясының, сонымен бірге «Текелі энергокомплекс» ЖШС-нің 53 адам жеке құрам және 6 бірлік техника қатысты.
Өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының, басшылығы мен қызметкерлерінің, қаланың авариялық бригадалары мен арнайы қызметтің үйлесімді әрекет етуі нәтижесінде оқу-жаттығу кезінде алға қойылған жауынгерлік міндет өз деңгейінде орындалып шықты.
«Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А. Оразалинов жаттығудың өткізілу барысын қадағалап, жаттығу соңында жеке құрамға және қатысушыларға өз бағасын берді.
 
Н.Смағұлова
Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекетті тіл және ақпарат тобының
баспасөзхатшысы