30 Aqmola Sxod BuRabai 1 Өрт кезінде адамдардың қаза болуы жағдайлары, өрттің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша ақпаратты халыққа жеткізу мақсатында,Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қ. Шапағатов Бурабай ауданының Ұрымқай және Дмитриевка ауылдарының тұрғындарымен жиын өткізді.
2018 жылғы 27 желтоқсанда Ұрымқай ауылында тұрғын үйдің пәтерінде өрт шыққан, онда 2 адам қаза тапқан. Өрттің алдын ала себебі мас күйінде темекі шегу.
30 Aqmola Sxod BuRabai 2 Кездесудің басты тақырыбы өрт қауіпсіздігі мәселелері болды. Осындай жиындарда Департамент қызметкерлерінде тұрғындарға ақпаратты қолжетімді түрде жеткізу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау саласында кәсіби кеңес беру мүмкіндігі пайда болады.
Жиналыс барысында Департамент бастығының орынбасары М. Шапағатов жылыту маусымы басталғаннан бастап, адамдар пешті жағып, түрлі жылытқыштарды пайдалана бастайды, өрттердің пайда болу қаупі арта түседі. Жылыту және электр жылыту құралдарын орнату, пайдалану ережелерін бұзу көбінесе қайғылы салдарға, соның ішінде улы газбен улануға әкеп соғады,-деп атап өтті.
Сонымен қатар, әңгіме барысында Манарбек Қайыргелдіұлы жиналғандарға Ақмола облысындағы өртке байланысты жедел жағдайды жеткізді және өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, өрт сөндіру ережелері мен тәсілдері, өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы айтып, жиналғандарға өртке қарсы қызметтің «101» телефонын еске салды.
Жиынға Бурабай ауданының Ұрымқай және Дмитриевка ауылдарының 87 тұрғыны қатысты.
Жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеу кезеңінде Ақмола облысының аумағында өрт және адамдардың қаза болуы байқалады, онда 2018 жылғы 25 желтоқсаннан 2019 жылғы 2 қаңтарға дейін 42 өрт тіркелді, өрт салдарынан 6 адам қаза болды, улы газбен уланудан 1 адам жарақат алды.
Осыған байланысты, Департамент облыс аумағының елді мекендерде азаматтар жиынын өткізу туралы шешім қабылдады. Осындай іс-шаралар Департамент басшылығының қатысуымен тұрақты негізде жүргізіледі және Ақкөл, Шортанды, Аршалы және Ерейментау аудандарында жоспарланған.
 
Ақмола облысы ТЖД ӨҚСБжПҚБ