29 Jambyl brif Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні провославтық әлемі «Крещения Господня» немесе «Богоявления» мейрамын атап өтеді.
Бұл мейрам қарсаңында яғни, 2019 жылғы 10 қантарда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында қыс мерзімінің ахуалды өзекті сұрақтары бойынша брифинг өткізілді.
Бұл іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ғана емес «Жедел-құтқару жасағы» ММ, «Қазселденқорғау» ММ, Тараз қаласы ТЖ басқармасының басшылары, «Успения Божьей матери» шіркеуінің жетекшісі протоерей Георгий қатысты.
Брифинг өткізу барысында, халықты оқыту және жылыту маусымы кезінде алдын алу, әуесқой-балықшылар қыс мерзімінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, «101» және «112» арнайы нөмерлерге қоңыраулардың келіп түсуі, сондай-ақ, «Крещение Господня» мерекесінде дәстүрлі шомылу жөнінде өзекті тақырыптар талқыланды. Облыстық БАҚ-на қыс мерзімінде қарапайым ережелерді сақтау, жеке құрамның күшейтілген түріне ауыстыру, жылыту құралдарын пайдалану жөнінде тұрғын үй аулаларын аралау, балалардың отпен ойнау қауіптілігі, «101» және «112» арнайы нөмерлеріне қатысты емес қоңыраулардың статистикасын айтты, сондай-ақ, арнайы нөмерлерінің қажеттілігін түсіндіру бойынша спикерлер айта кетті.
Сонымен қатар, «Успения Божьей матери» шіркеуінің жетекшісі протоерей Георгий «Крещение Господня» немесе «Богоявление» мерекесінде дәстүрлі шомылу құрылу тарихын айтып өтті.
 
Айгүл Шахабаева
Жамбыл облысы ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы