26 ZRAoSO KaToK 1 Атырау қаласында бұқаралық спортты дамыту аясында Жайық өзенінде «Дене шынықтыру және сауықтыру кешені» тұсында сырғанақ тебуге арналған алаң орнатылды. Ол жағадан 35 м қашықтықта орналасқан, көлемі 40/24.
Қоршау алаңы «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ «Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жабдықталды.
26 ZRAoSO KaToK 2 Мұз үстінде сырғанақ тебушілер өте көп. Таза ауада студенттер, оқушылар, ата-аналар, тіпті кішкентай бүлдіршіндер де конькимен, шанамен мұз үстінде жігерлене сырғанауда.
26 ZRAoSO KaToK 3 Алайда, мұз бар жерде жарақат болатынын ескерген жөн. Құламай сырғанау мүмкін емес екендігі анық. Бірақ, жарқын әсерлерге толы көңіл-күйде жүрген тұрғындарымыз, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.
Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, 2019 жылғы 10 қаңтарда, «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары алаңға келген тұрғындармен әңгімелесу өткізді. Рейд барысында әр адамды тоқтатып, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып, ақпараттық жадынамаларды таратып, мұз үстінде секіруге, мұзды оюға, мұз бетіне қатты заттарды лақытуға болмайтынын қатаң ескертті. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды түсіндірді.
Құтқарушылар күн сайын мұздың қалыңдығын өлшеп бақылап отырады. Бүгінгі күні Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 25-26 см құрайды.
Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары сырғанақ тебуге келген тұрғындармен күн сайын үгіт-насихат жұмысын жүргізеді.
 
Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы