30 MangystaU 0 SToL 1 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінде «Өнеркәсіптегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлымен қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін атқаршы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін объектілердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігіне, сондай-ақ өрт кезінде азаматтық қорғау ведомстволарымен өзара әрекеттесуге баса назар аударды.
30 MangystaU 0 SToL 2 Мұханов Мұрат Маңғыстау облысының аумағында 180-нен астам өндірістік кәсіпорын бар.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының мұнай-газ және өнеркәсіп секторлар аумағында 73 өрт тіркелді.
Өрт салдарынан материалдық залал 80 миллионнан астам теңгені құрайды.
Өрт салдарынан 3 адам қаза тапты, түрлі дәрежелері бойынша 1 адам жарақат алды. Талдау бойынша тіркелген өрттердің шамамен 90% негізінде (жарылыс), сондай-ақ аумақтардағы өнеркәсіптегі адамдардың өлімі мен жарақаттары келісім шарттардағы мекемелердің түрлі жұмыс атқаруынан.
Мысалы, бір кен орнында 10-нан 40-қа дейін қызмет көрсету мердігерлері бар, түрлі қызметтерді сервистік ұсынады, атап айтқанда: ұңғымаларды бұрғылау, жөндеу және жерасты жөндеу, қауіпті жүктерді тасымалдау, технологиялық қондырғыларда өлшеу құралдарын өлшеу қызметтері, жанармай құятын станциялар, бактар тазарту, технологиялық жабдықтарды ұстау, қалдықтарды басқару және т.б.
Әрбір объекті алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметті шақырту үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етілу және автоматтандырылған өрт сигнализациясымен, өрт сөндіру және адамдарды құлақтандыру құралдарымен жабдықталуы керек.
Дөңгелек үстелдің соңында Департамент қызметкерлері кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау бойынша ұсыныстар берді.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және
профилактикалық қызмет басқармасы