24 VKO Krug Stol 1 Жыл сайын аумақтық Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен білім беру объектілерінің өртке қарсы жағдайына бақылау жүзеге асырылады.
Осы жұмыс аясында мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандары қала мектептерінің басшыларымен кездесті. Кездесуде өрттерді қалай болдырмау және өрт-техникалық тексеру жүргізген кезде байқалған, бұзушылықтарды қалай жедел жою керектігі талқыланды. Білім беру объектілеріне қалыптастырылған екі кезеңді бақылау моделі (1 кезең – ақпан-мамыр айлары аралығында ерекше тексеру тәртібі, 2 кезең – берілген ұйғарымдама мерзімдеріне сәйкес, бақылау тексеруі) оқу жылы басталғанға дейін оларды өрт қауіпсіз жағдайға келтіруге бағытталған. Бұл модель оқу процессіне кедергі келтірмей, оның ішінде жазғы демалыс кезінде күрделі өртке қарсы іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
24 VKO Krug Stol 2 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу графигіне сәйкес, мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлерімен білім беру объектілеріне өрт-техникалық тексеру жүргізілді. Тексеру барысында білім беру объектілерінің 118-де өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларын бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықтарды жою мерзімін көрсетумен ұйғарымдамалар тапсырылды, сондай-ақ ҚР ӘҚтК 1-бөлімі 410-бабы бойынша лауазымды тұлғаға 5 әкімшілік іс, заңды тұлғаға 89 әкімшілік іс қозғалып, қарастырылды. Бұзушылықтарды жоймау нәтижесінде Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 3 білім беру объектісінің жұмысын тоқтатуға талап арыз жолданды. Көрсетілген фактілер өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындау бойынша объекті басшылары тарапынан шаралар қабылданбағандығын көрсетеді.
Көптеген объектілер өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының өскелең бұзушылықтарын жойды. Білім беру бөлімімен бөлінген қаржыны мектеп басшылығы тиісті жұмыстарға жұмсады. Оқу мекемелері барлық қажетті талаптарға сай. Өртке қарсы суқұбыры жұмыс жағдайында, өрт жеңдерімен жабдықталған, жинақтамада өрт сөндіргіштер бар. Алайда бұзушылықтар кездесіп қалады, олар, айтарлықтай, тез жойылатын және қаржы салуды талап етпейді.
Кездесуде Өскемен қ. ТЖБ мамандары, кейбір мектептерде эвакуациялық шығу есіктері тас қылып жабылғандығын, шығу жерлері бөгде заттармен ыбырсығандығын, есіктердегі жеткізгіштер алынып тасталғандығын немесе жұмыс істемейтіндігін атап өтті. Мектеп басшылығына объектілерді өрт қауіпсіз жағдайына келтіру бойынша ұсыныстар берілді. Ұсыныстар арасында:
Шұғыл қызметтер номерлерін көрсетумен стендтерді жаңарту. Объектіде жылына 3 реттен кем емес білім беру объектісінің персоналы мен оқушыларын қатыстырумен жаттығу өткізу. Баспалдақпен жүру есіктерін жеткізгіштермен қамтамасыз ету. Сыртқы өрт баспалдағына 5 жылда 1 реттен кем емес сынақ жүргізу керек. Шатыр жайының тақтайшаларын майлауды жүргізу. Қызмет көрсету фирмаларымен келесілген шартқа сәйкес, автоматты өрт дабылымен байланысты болған бұзушылықтарды уақтылы жою. Жайдың жөртөлесіндегі қоқыстар мен жанғыш материалдарды алып тастау. Эвакуациялау жолдарын қажетсіз заттардан босату. Оқу процессі кезінде эвакуациялық шығу есіктері әрқашанда ашық болуы керек. Объекті аумағындағы гидранттар тиісті қалыпта болуы, қоқыстан, қардан тазалануы, ӨГ табличкасы орнатылуы қажет. Электр құрылғыларын қолданған кезде ӨҚЕ бұзушылықтарды болдырмау қажет.
Өз кезегінде, азаматтық қорғау органдарымен білім беру объектілерін өрт қауіпсіз жағдайға келтіру мақсатында барлық тәжірибелік көмектер көрсетіледі, эвакуациялау жоспарлары және өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекет бойынша тәжірибелік машықтану жасау жүргізіледі.
Қауіпсіздік мәдениеті балаларға ерте жастан, оқыту роликтері мен мультфильмдерін көрсету, интерактивтік сабақ және т.б. жүргізу арқылы үйретіледі. Өрт сөндіруші кәсібін жария ету ШҚО ТЖД мұражайы мен өрт сөндіру бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Анықтама үшін: 2018 жылы Өскемен қ. білім беру мекемелеріне қатысты 2 объектіде өрт шықты.
2018 жылы 16 мамырда Сәтпаев даңғылындағы «Спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатының» 2-ші қабатында ұйықтайтын жайда алаңы 0,5 шаршы метр болатын терезенің пластикалық бөлшектері жанды. Өрттің себебі – отпен абайсыз болу. Өрт кезінде 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17-сі балалар.
2018 жылы 08 ақпанда 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «№3 студенттер үйі» жатаханасында, 4-ші қабаттағы бөлмеде жалпы алаңы 2 шаршы метр болатын жеке киім-кешектер, матрац, жихаздың ағаш құрылыстары жанды. Өрттің себебі – отпен абайсыз болу.
 
Өскемен қ. ТЖБ