23 SKO GO 1 «Ғасыр өмір сүр – ғасыр оқы!!!». Бұл ұран көптеген оңжылдықтар бойы өзінің нақтылығын жоғалмауда, және тұрғындардың өмірлік жағдайларында дұрыс іс әрекет етуге көмектеседі. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу кезінде азаматтардың қауіпсіздігі да тыс қалмайды.
23 SKO GO 2 Эвакоқабылдау органдарының Азаматтық қорғау саласындағы білім деңгейлерін жоғарлату мақсатында ағымды жылдың 16-18 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында сабақтар өткізілді.
23 SKO GO 3 Кризистік жағдайларда тіршілік қамтамасыз ету бойынша қажетті білідерді аул үшін Новоишимское ауылында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының барлық ауыл округтерінің, ұйымдардың, кәсіпорындарының, оқу мекемелерінің азаматтық қорғаныс бастықтары және оладың орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық ұстарздары жиналды. Сабақтың басында тыңдаушылар азаматтық қорғау саласындағы нормативті құқықтық актілердің негізгі ережелерімен таныстырылды. Бұдан басқа оқытылатындардың назарларына ТЖ пайда болу кезінде қауіпсіз аймақтарға халықты эвакуациялау бойынша ұйымдастырушылық құжаттар көрсетілді.
Зерделенген мәліметтерді игеру және оларды іс-жүзінде қолдана білу мақсатында Қазақ мектеп-гимназияның негізінде қабылдау эвакуациялық пункті өрістетілді. Оның ең негізгі мақсаты болып зардап шеккен халықты қауіпсіз аумаққа көшіру жұмысын ұйымдастыру тапсырмасын орындау үшін қабылдау эвакуациялық пунктінде командалық-штабтық жаттығуды өткізу болып табылады. Аталған пунктің жұмысының бірінші кезектегі әрекеттерін мектеп-гимназияның құрамы мен жұмыскерлерінен жасақталған лауазымды тұлғалар көрсетіп берді. Қауырт сәтте өздеріне жүктелген міндеттерін ауданның тиісті азаматтық қорғау қызметтерімен үйлесімді түрде өзара іс-қимыл жасау арқылы тиімді шешу әрекеттерінің көрсетілуі тыңдаушыларға өте мол ақпарат берді.
Жалпы алғанда бұл оқыту аралағында өз ұйымдарында Азаматтық қорғаныс іс шаралары бойынша жауапты 120 лауазымды тұлға оқытылды. Өткізілген оқыту бағдарламасы қорытындысы бойынша барлық мамандарға тиісті сертификаттар берілді.
Департамент, ТЖ бөлімі және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Новоишимское с. № 1 орта мектебінің негізінде бұл тұрғын пунктінің барлы жалпы білім беретін мектептердің түлектерінің ата-аналарымен ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу тақырыбы бойынша агитациялық жұмыс өткізілді. Жиналысты өткізу барысында ата-аналарға ЖОО түсу шарттары, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, казарамадағы өмір туралы және оқу орнындағы заманауи технологиялар жайлы таныстырылды.
Ата аналар Департамент қызметкерлерімен сұхбаттасты және КТИ оқыту жүйесіне жоғары қызығушылық танытты.
 
Қуат Махметов,
СҚО ТЖД Азаматтық
қорғаныс басқармасының
аға офицері, аға лейтенант