22 Karaganda Pozh PoSt Бүгінгі күні біздің республикамыздың ауылдарында өрт қауіпсіздігі шараларына немқұрайлы қарамайтын ескі кеңестік шыныққан адамдар бар екенін көбісі біле бермейді.
Олардың бірі «Черниговское» ЖШС шаруа қожалығының басшысы Анатолий Николаевич Литвиненко, ол әлі күнге дейін өз шаруашылығында өрт сөндіру техникасын сақтап, жауынгерлік дайындықта ұстайды. Ағымдағы жылдың басында Нұра ауданының «Черниговское» ЖШС және Көбетей ауылдық округінің әкімдігі келісімге келіп, ауылдық округтің аумағында және елді мекендерінде өрт сөндіру туралы Меморандумға қол қойды. Енді Көбетей ауылында құрылған өрт сөндіру бекеті үш елді мекеннің: Көбетей, 1 мамыр, Қызыл жұлдыз аумағында 1400-ден астам адам тұратын өртті сөндіруді қамтамасыз етеді.
Шаруашылық қызметкерлерімен өрт сөндіру тактикасы және өрт-техникалық қару-жарақты пайдалану бойынша нұсқаулық және қысқа оқыту жүргізілді.
Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі жоқ шалғай ауылдардағы өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығы - қорғалу дәрежесі, елді мекендерде және ауылдық округ аумағындағы өртке тез әрекет ету, өрттен жарақат алғандардың санын қысқарту , өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ең аз шығынның болуын қамтамсыз ету және өртті сөндіруді .
 
Нұра ауданының ТЖБ