21 ZKO AgEtaCiA 1 Облыста азаматтық қорғау жүйесінің офицерлерін дайындайтын жалғыз жоғары оқу орнына - ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге жастарды үгіттеу жұмыстары басталды.
Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері №17, 19, 20, 21, 22 ЖОББМ, облыстық дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатының 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның 5517 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.
21 ZKO AgEtaCiA 2 Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бағдарламасы аясында оқушылар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге лекциялар, бейнероликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды. Сондай-ақ түсу емтихандарын тапсыру үшін негізгі бейіндік пәндер, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер және оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат жеткізілді.
Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицерлерімен бірге осы іс-шараларға Ресей ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының 4-курс курсанты қатардағы Абаев Наурызбек қатысты. «Академияда оқу ата-аналар үшін үлкен мақтаныш пен көмек болып табылады, өйткені барлық оқу, тамақтану, тұру, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету тегін жүргізіледі. Ал ең бастысы, сіз сапалы білім алып, алған білімдеріңізді Отанның игілігі үшін пайдалана аласыз!» - деді курсант Н. Абаев мектеп бітірушілердің алдында.
 
Р. Тумангалеев
БҚО ТЖД
Азамттық қорғаныс бөлімінің
аға офицері аға лейтенант