21 Astana KTi Ағымдағы жылғы 08 ақпанда Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсановтың төрағалығымен кәсіптік бағдар беру жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында Департаменттің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр жұмысы бөлімдерінің бастықтары азаматтық қорғау полковнигі Қ.Амангелдинов және азаматтық қорғау майоры Б.Қ.Мусин Департаменттің және «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері жүргізіп жатқан үгіттеу жұмысы туралы ақпаратты жеткізіп, бөлімше басшыларының өткізіліп жатқан жұмысы туралы баяндамалары тындалды. Бөлімшелер басшыларына Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ түсу және іріктеу мәселелері бойынша бұдан әрі түсіндіру жұмысын өткізу туралы тапсырмалар берілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты, жоғары адамгершілік және іскерлік қасиеттері бар, түрлі сипаттағы экстремалды жағдайдарда шешім қабылдай алатын, азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшін «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Өрт сөндіру және апаттан-құтқару ісі» мамандықтары бойынша жоғары білімді білікті офицерлерді даярлайтын, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады.
 
Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөлімі