19 Shymkent Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербисов «Қала» бағдарламасында сөз сөйледі. «Отырар» телеарнасындағы бағдарламада департамент бастығы 2018 жылы атқарылған жұмыстары, қала аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу, жергілікті атқарушы органдарымен бірлескен үгіт-насихат жұмыстары және алдағы уақыттағы жоспарлар туралы әнгімелеп берді.
Нұрболат Бекболатұлы 2019 жылдың бір айында қала аумағында орын алған өрттердің санына тоқталып, өткен жылмен салыстырғанда төмендегендін атап өтті. Оған қарамастан, өрттерді алдын алу, улы газбен улануды болдырмау үшін тұрғын үй секторында профилактикалық түсіндіру іс-шараларын үнемі өткізіледі. Атап айтқанда, қызметкерлер тұрғын алаптарда, жеке тұрғын секторларында, саяжайларда ең қауіпті учаскелерді анықтап, рейдттік іс-шараларды ұйымдастырады. Халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде ескерту жадынамалар мен парақшаларды тапсырады.
Сұхбат барысында тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жеткізу мақсатында ТЖ департаментінде жедел штаб құрылғандығы, үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік ұйымдарды тарту қолға алынғандығы айтылды.
Осы бағытта жұмыстарды ұйымдастыру кезінде техникалық мүмкіндіктер кеңінен пайдаланатындығы алға тартылды. Қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын орындарда ЛЭД экрандарда, «ГринБас» автокөлік мекемесіне қарасты қалалық автобустарда түрлі өзекті тақырыптар бойынша әзірленген бейнероликтер көрсетіледі.
Сондай-ақ, алдағы демалыс күндері өрт қауіпсіздік сенбілігі жарияланғандығын айтып, жұмыс топтарының құрамына кіретін қызметтен бос уақытында барлық жеке құрам тұрғын секторларында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылады деп нақтылады.
 
Шымкент қаласы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы