15 Kyzyl Orda REiDy 1 Өкінішке орай еліміздің барлық аумағында өрт оқиғалары жиі орын алуда. Балалардың үйде ересектердің бақылауынсыз қалуы да қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруда.
Динамиканы зерделеу барысы адамдардың қаза болуы мен жарақаттану фактілері тұрғындардың күнделікті өмірде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдерінің жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Осы ретте, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылуда.
2019 жылдың 10 ақпанында облыстағы 1739 тұрғын үй араланып, 8730 тұрғынға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді.
 
Қызылорда облысы ТЖД