12 PVLDr Reiydy 1 Өткен демалыс күндері Павлодар облысы ТЖ департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен, әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып, бірлескен рейд өткізді. Рейд қатысушылары көп балалы және аз қамтылған отбасыларының үйлерінде болды.
Әрбір отбасы басшысымен жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша әңгіме жүргізілді, қосымша қандай үйлерде улы газ датчиктерін орнату қажет екенін анықтады. Сонымен қатар, мамандар үй пештерін аралап, жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті ұсыныстар берді. Барлықтарына улы газдың қауіптілігі бойынша жадынамалар таратылды.
12 PVLDr Reiydy 2 Ал жексенбі күні рейдтік іс-шаралар уақытша тұратын және тұрғылықты тұратын жерлері жоқ адамдардың орналасқан жерлерінде жалғасын тапты. Негізінен бұл үйсіз, түнейтін жер жылу тораптарындағы құдықтарды таңдайды. Осы күні анықталған барлық адамдар полиция қызметкерлерімен арнайы қабылдау орнына жіберілді. Осы контингентпен мекемеде профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
 
Павлодар облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және
профилактикалық қызмет басқармасы