15 SKO Kodeks 4esti 1 Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіндекәсіби дайындықты өткізу шеңберінде және өз қатарларымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау және азаматтардың сенімін арттыру, тәртіп пен заңдылықтың бұзушылығын алдын алу мақсатында,«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау және жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында сабақ өткізілді. Іс – шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының бас маманы Сұлтан Салаевич Магомедов қатысты.
15 SKO Kodeks 4esti 2 Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын жеткізді.Сұлан Салаевич әрбір қызметкердің қызметтік әдепті сақтауға қажет барлық шараларды қабылдау тиістігін, ал қоғам мемлекеттік қызметшілердің өз білімі мен күш-жігерін өздері атқарып отырған қызметке арнайтындарына, өз Отанына адал қызмет атқаратынына сенуге құқылы.
15 SKO Kodeks 4esti 3 Аудандық ТЖ қосумен селекторлық режімде өткізілген сабақ барысында, Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауындағы ережелерді негізге ала отыра, ахуалды тақырып бойынша сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, ҚР ішкі істер органдары қызметкерлерінің имиджін арттыру, тәрбиелік жұмысты жетілдіру мәселелері де қозғалды.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің сәттілігі мен мансаптық өсуі, біздің адал қызметіміз бен еңбекқорлығымыздың арқасында көрінбек. Осындай атқарылып жатқан іс – шаралар өте маңызды, себебі жас мамандар өздерінің атқарып жатқан қызметінің, Отанына мінсіз және адал қызмет етуінің маңызын түсінулері қажет.
 
Нұрлан Нүкішев,
СҚО ТЖ департаменті
Кадр жұмысы басқармасының бастығы
азаматтық қорғау полковнигі